История

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Оқу орталығы (Қостанайқ.) құрылуының тарихы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органы туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы жарғысында «Ішкі істер органдарына қызметке алғашқы рет қабылданған үміткерлерді міндетті түрде арнайы алғашқы оқытудан өткізіліп, оларға сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін» делінген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органындағы қызметкерлерді және қызметке алғашқы рет қабылданған үміткерлерді кәсіби даярлау туралы» 1997 жылғы 16 мамырдағы № 847 қаулысында, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің училищесінде ішкі істер органдарына қатардағы және кіші басшы құрамды кәсіби даярлайтын мектепті қайта құру туралы ІІМ кадрларды даярлау және оқыту, іріктеу бойынша жұмысты жүзеге асыру мақсатында, Ішкі істер органындағы орта басшы құрамның біліктілігін артыру және жеке құрамның алғашқы даярлыққа даярлауы туралы міндеттерді орындауға жүктеу болып саналатыны көрестілген.
Облыс әкімдерімен бірге облыстық және қалалық басқармаларына училищенің базасын нығайту, оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданылуы тапсырылған.
Қазақстан Республикасы ІІМ «Қазақстан Республикасы ІІМ-нің училищесінде кәсіби даярлықты ұйымдастыру туралы» 1997 жылғы 13 маусымдағы № 165 бұйрығына сәйкес 1997 жылғы 1 шілдеден бастап қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымына Қазақстан Республикасы ІІМ-нің училищесінде оқуды аяқтағаннан кейін қабылдауды жүзеге асырды. Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары оқу орындарындағы колледждердің базасында алғашқы даярлықты, сонымен бірге жеке-топтық әдіс тоқтатылды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 1997 жылғы № 420 бұйрығымен Қазақстан Республикасы ІІМ-нің училищесі (Қостанай қ.) құрылды.
Ішкі істер органында жеке құрамының кәсіби даярлығын алдағы уақытта жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерінің әскери қолбасшысының «Қазақстан Республикасы ІІМ училищесі мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 12 желтоқсандағы бұйырығымен Қазақстан Республикасы ІІМ жоғары және орта арнайы оқу орындарының базасында кадр және тәрбие жұмысы департаментінің жеке санаттағы тыңдаушыларға алғашқы даярлықты өткізуге рұқсат  етілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы ІІМ білім мекемелерінде оңтайландыру туралы» 2011 жылғы 26 шілдедегі қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір оқу орындарын оңтайландыру туралы» 2011 жылғы № 377 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Қостанай қаласы) мемлекеттік мекемесін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының штаттық құрылымын ұйымдастырушылығын жүзеге асыру мақсатында, Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Оқу орталығы (Қостанай қаласы) мемлекеттік мекемесі деп аталды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық білім жүйесін ары қарай оңталандыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім мекемесінің кейбір ұйымдастыру сұрақтары туралы» 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №1446 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім мекемесінің кейбір ұйымдастыру сұрақтары» 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 968 бұйрығымен «Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Оқу орталығы (Қостанай қаласы)» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Оқу орталығы (Қостанай қаласы)» республикалық мекемесіне ауыстырылды.
Оқу орталығында басқару заңнамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңының 11 бабындағы 25 тармақшасымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары білімді ұйымдастыру қызметінің ережесі, сондай - ақ бірыңғай және алқалық қағидаларды үйлестірудің негізінде, Оқу орталығының жарлығы жүзеге асырылады.
Оқу орталығының негізгі міндеті Ішкі істер органына азаматтық адамдарды алғашқы даярлау, бөліністерімен ұсынған Ішкі істер органында қатардағы, кіші басшы құрам лауазымында қызметінен өткізу болып саналады.
Ішкі істер органындағы қатардағы және кіші орта басшы құрамды қайта даярлау, біліктілігін арттыру.
Ішкі істер органының алдындағы міндеттер, шешілетін мақсаттар, оқу- тәрбиелік үдерісіне жақсы тәжірибені енгізілуін жетілдіру негізінде үздіксіз жоғары тәжірибелік бағытты қамтамасыз ету жаңа нысанды және әдістермен оқытуды қамтамасыз ету болып саналады.
Ішкі істер органындағы барлық қатардағы және басшы құрамның қызметтік міндеттері болып кәсіби шеберлікті үнемі жетілдіру, білу және дағдыларын, білімді меңгерту болып саналады. 
Әр жылдары біздің білім мекемесінде басшылық жасаған:
Оқу орынының бірінші басшы -1997 жылғдан 2001 жылға дейін милиция полковнигі Юрий Вячеславович Киринкин;
- екінші басшысы 2001 жылдан 2011 жылға дейін полиция полковнигі Мейрамбек Жұмабекұлы Жүнісов;
- үшінші басшысы 2011 жылдан 2014 жылға дейін полиция подполковнигі Алмас Қанатұлы Рыспаев;
- төртінші басшы 2014 жылдан 2018 жылға дейін полиция подполковнигі Талғат Амангелдіұлы Меңдібаев;
- бесінші қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығының (Қостанай қ.) бастығы полиция полковнигі Ардақ Берікұлы Бүкіров.

Президенттің жолдауы

bannerslide-01-ru

 

 

2050-ru

 

mem ram-200x150-

 

rh