«Біз Сізді мақтан тұтамыз!»

08.05.19-1Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығында (Қостанай қ.) өткен құттықтау іс-шарасы

Әр жылдың 9 мамыры барлық Қазақстан халқы үшін ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығында (Қостанай қ.) ерекше күн болып саналады. Себебі, бұл күні бұрыңғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы құрамына енген мемлекеттер 9 – мамыр Ұлы Отан соғысында жеңіс күнін тойлатады.
Бізде бұндай барша халықтық мерекеден тыс қалмай 2019 жылғы  6 мамырда осынау айтулы, қанмен – термен бізге келген жеңіс күнін Оқу орталығының қабырғасында атап өттік. Осы іс-шараны өткізу үшін Ұлы Отан соғысы және Қазақстан Республикасы ІІО құрметті ардагері Данил Айтмұханұлы Надырбаевты шақырдық.

Осыған орай, облысымыздың құрметті ішкі істер органының ардагері Данил Айтмұханұлы Надырбаевты Жеңіс күнімен құттықтауға, Оқу орталығының мәжіліс залында басшылығы және тұрақты құрамы жиналып үлкен кездесу кешін өткіздік.  
Данил Айтмұханұлы Надырбаевтың ішкі істер органына сіңірген еңбегі мол. Әлі күнге дейін 90 жастан аса отырып, Данил Айтмұханұлы Оқу орталығының қабырғасында өткізілетін барлық мәдени іс-шараларға үнемі қатысып отырады.  
1943 жылы 16 жасында Данил Айтмұханұлы Надырбаев өз еркімен соғыс майданына шайқасуға жазылып, сол уақыттан бері Отан үшін қызмет атқарған. Соғыстан кейінгі жылдары ішкі істер органдарында әртүрлі лауазымдарда                   38 жыл бойы қызметін жасап, полиция майоры шеңімен зейнеткерлікке шықты.
Бүгінгі кездесу барысында Данил Айтмұханұлы Надырбаев Оқу орталығының қызметкерлеріне өзінің сонау сұрапыл жылдары, Ұлы Отан соғысы кезінде бастаған қызметтік жолынан, көптеген тарихи оқиғаларға толы өмірінен сыр ақтарды. Жаңа қанаттанып келе жатқан сұңқарларға болашақта адал да әрі абыройлы қызмет атқаруларына жылы лебізін білдіріп ақ батасын берді.
Осындай кездесулер қазіргі таңда қызметтерін атқарып жатқан полиция қызметкерлерін Отан сүйгіштікке, патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелейді.
Кездесу соңында Оқу орталығының басшылығы, жеке құрамы және тағылымдамашылары Данил Айтмұханұлы Надырбаевты құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат тілеп естелікке ескертіштік фотоальбом мен гүл шоқтарын сыйға тарттық.

08.05.19-2


Мемлекеттік тіл тобының
инспекторы                                                                                                  А. Суенбаева

Президенттің жолдауы

bannerslide-01-ru

 

 

2050-ru

 

mem ram-200x150-

 

rh