Отан қоғаушылар күні!

Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығында ( Қостанай қ.)
7-мамыр Отан қорғаушылары  күніне орай құттықтау іс-шарасы өтті.

06.05.19-1

Қазақстан Республикасында 7 мамыр атап өтілетін мемлекеттік мерекелердің бірі. 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.

7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында   2019 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығының (Қостанай қаласы)  мәжіліс залында ер-азаматтар ұжымын құттықтау, сонымен қатар, Оқу орталығының запастағы қызметкерлері М.Құрағанов пен О. Енаны қызметтік құрметті еңбек демалысына шығарып салу өткізілді.
 Оқу орталығының бастығы полиция полковнигі Ардақ Берікұлы  Бүкіров запастағы зейнеткерлерді және ер – азаматтарды құттықтап, дендеріне саулық,  әрбір күндеріне шаттық, отбасыларына  амандық, бейбітшілік пен бірлік тіледі.
Құттықтау іс-шарасы барысында қызметтік міндеттерін адал атқарған, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген үшін Оқу орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Оқу орталығы бастығының бұйрығымен  грамота және алғыс хаттарымен марапатталды. Айтып кететін болсақ криминалистика және арнайы техника циклының бастығы полиция майоры Б. Ілиясқа полиция подполковнигі арнайы кезекті шені табысталды, әскери пәндер және дене шынықтыру даярлығы циклының бастығы полиция майоры В. Евдокименко ІІМ грамотасымен, кезекші бөлімнің инспектор-кезекшісі полиция аға лейтенанты А. Нұғманов ІІМ алғыс хатымен, курс старшинасы Ұ. Жүнісов және әскери пәндер және дене шынықтыру даярлығы циклының оқытушысы Б. Дукеев Оқу орталығы бастығының алыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, Оқу орталығы бастығының оқу ісі – жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Руслана Бабашқызы Ерденова өз атынан және Оқу орталығы әйелдер ұжымының атынан 7 - мамыр Отан қорғаушылар меркесімен құттықтады. Өзінің құттықтау сөзінде ер-азаматтар ұжымына зор денсаулық, мол бақыт, отбасына амандық және  біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасының игілігіне қызмет етуде табыстар тілеймін деп жүрек жарды лебізін білдірді.

06.05.19-2

06.05.19

06.05.19


Мемлекеттік тіл және ақпарат
тобының инспекторы                                                                            А. Суенбаева

Президенттің жолдауы

bannerslide-01-ru

 

 

2050-ru

 

mem ram-200x150-

 

rh