Кешегі тағылымдамашы бүгінгі полицей

Арнайы алғашқы оқыту курсының аяқталуына байланысты өткізілген іс-шара

23.04.19-1

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығының (Қостанай қаласы) саптық алаңында арнайы алғашқы оқыту курсын бітіруші тағылымдамашыларға сертификаттарды табыстау салтанатты іс-шарасы өткізілді. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимннің орындалуымен басталып, арнайы алғашқы оқыту курсындағы үздік үлгірім көрсеткен  және Оқу орталығының қоғамдық өміріне белсене қатысқан тағылымдамашылары Оқу орталығы бастығының 2019 жылғы 20 сәуірдегі №49 бұйрығымен грамота және алғыс хаттармен марапатталды. Оқу орталығының бастығы полиция полковнигі           А. Бүкіров   «Кешегі тағылымдамашы бүгінгі әріптестер, сіздер Ішкі істер органы қызметкерлерінің қатарына қосылып, жас полиция қызметкерлері болдыңыздар. Әр болашақ полиция қызметкерлері өз қызметтерін адал, абройлы атқарып, бар күш-жігерлеріңізді қызметтеріңізге арнаңыздар. Барлықтарыңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға тек қуаныш және Қазақстан полициясы деген –атқа кір келтірмей, адал қызмет атқаруларына тілектеспін»- деп жылы лебізін білдірді. Арнайы алғашқы оқыту курсын аяқтаған 122 тағылымдашыларға салтанатты түрде сертификаттар табысталды.

Болашақ полиция қызметкерлерін құттықтауға Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов, ІІО ардагері                   Даниил Айтмуханұлы Надырбаев қатысып Ішкі істер органдарының қиын да жауапты жұмысына жолдама алған болашақ полицейлерге  ақ жол тіледі.
    Оқу орталығының қабырғасында білім алған     тағылымдамашылар А.Мусин , А. Муханова Оқу орталығының басшылығына және оқытушылар құрамына өздерінің алғыстарын білдірді.
    Салтанатты іс-шара кешегі тағылымдамашылардың бүгінгі жас полицейелердің естерінде мәңгі сақталатыны анық.

23.04.19-2

23.04.19-3

 

 

Оқу орталығының
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы             А. Суенбаева

  

Президенттің жолдауы

bannerslide-01-ru

 

 

2050-ru

 

mem ram-200x150-

 

rh