Гендірлік саясат. Биліктегі әйелдер мен еркектердің арасындағы тепе – теңдік.

10.04.19-1Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығының (Қостанай қ.) қабырғасында арнайы алғашқы оқыту курсының тағылымдамашыларымен «Гендірлік саясат. Биліктегі әйелдер мен еркектердің арасындағы тепе – теңдік» тақырыбы арасында конференция өтті.

Жалпы гендірлік саясат әуел баста батыстағы феминистік қозғалыстан бастау алғаны бізге белгілі. Ал, дәстүрлі қазақ қоғамында ер адам мен әйелдер арасындағы теңдік, ежелден қалыптасқан өзара сыйластық, олардың арасында ешқандай кемсітушілік болған емес. Дегенмен, қазір біздегі гендірлік саясат біржақты сипат алғаны байқалады, яғни, гендірлік теңдік әйелдердің құқығын қорғау деп түсінуі басым.

Осыған орай, біз Оқу орталығымыздың қабырғасында арнайы алғашқы оқыту курсының 3-5 оқу взводтарының тағылымдамашылары арасында  «Гендірлік саясат. Биліктегі әйелдер мен еркектердің арасындағы тепе – теңдік» тақырыбы бойынша конференция өткіздік.
Конференцияға қатысушы тағылымдамашылар «Гендірлік саясат» тақырыбы шегінде баяндамалар дайындап, арнайы алғашқы оқыту курсының тағылымдамашылары және Оқу орталығының оқытушылары құрамы алдында сөз сөйледі. Тағылымдамашылар дайындаған баяндамалар өте мазмұнды әрі мәнді, олар өз баяндамаларында гендірлік саясаттың не екендігін және гендір сөзінің шығу тарихын атап кетті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының және де әлемдік статистиканың көрсеткіштерін пайыздық мөлшермен белгілеп, билік басындағы әйелдердің орны, олардың атқарып жатқан қызметтерінің тиімділігі әрі сапалығы жайында нақты цифрларды көрсетті.
Тындаушы аудитория тарапынан конференцияға қатысушы А. Мусин,                        Д. Кенжебек, Д. Шакирова, М. Баймұхаметовтерге тақырып шегінде көптеген қызықты сұрақтар қойылды. Осындай іс – шаралар өткізе отырып, біз арнайы алғашқы оқыту курсында білім алып жатқан тағылымдамашылардың рухани жан – дүниелерін байыту, өмірілік көзқарастарын кеңейту мақсаттарын негізге қоямыз.  
Бұндай форматта өткізілген іс – шара тағылымдамашылардың жан – жақты білім алуларына, әйелдер мен ер азаматтардың билік басында тең тұруларына дұрыс сана – сезімді қалыптастырады.

10.04.19-2

10.04.19

10.04.19

Әлеуметтік және жалпы құқықтық
пәндер циклының бастығы
полиция аға лейтенанты                                                                      А. Дүйсенбаева
 

Президенттің жолдауы

bannerslide-01-ru

 

 

2050-ru

 

mem ram-200x150-

 

rh