Болашақ полиция қызметкерлерін рухани тәрбиелеу.

8Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығының (Қостанай қ.) взвод жетекшілерінің жетекшілік жоспарына сәйкес, арнайы алғашқы оқыту курсының тағылымдамашыларын патриоттыққа тәрбиелеу және рухани жан дүниесін байыту мақсатында, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясына қазақтың ұлттық аспаптарымен, әнші Манарбек Кәдіровтың 50 жасқа толған мерейтойына арналған «Өнерге бас иемін» атты концерттік бағдарламасын тамашалауға қатыстық.
Концерттік шығармашылық кеш өте жоғары деңгейде өтті. Кеш иесі барлық туындыларын бір деммен орындап шықты, концерттік кешке басқа да облыстардың әншілері қатысты. М.Кәдіров музыкалық аспаптарымен өз өнерлерін сүйсіндіре көрсетіп, тағылымдамашылар қазақ халқының музыкалық аспаптарымен, ұлттық киімдерімен және жанға жылы әндерімен танысып қайтты.


Білім алып жатқан тағылымдамашылар арасында Республикамыздың,  Атырау, Ақтөбе, Орал, Петрапавл және Павлодар қалаларынан келіп оқитын болашақ полиция қызметкерлері де бар. Қостанай облысының Е. Өмірзақов атындағы филармонияда өткен концерт тағылымдамашылардың көңілдерінен шығып, рухани жан-дүниелері бір жадырап, көңіл күйлері көтеріліп, жақсы әсер алып қайтты.

Криминалистика және арнайы техника циклының бастығы
полиция майоры                                  Б.Ілияс

Президенттің жолдауы

bannerslide-01-ru

 

 

2050-ru

 

mem ram-200x150-

 

rh