Оқу орталығындағы наурыз мерекесі

28.03.19-1Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында қазақ елінің болашақ жастарын эстетикаға, руханилыққа тәрбиелеуде, сонымен қатар ата-бабамыздан қалған ұлттық салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды сақтап, насихаттау мақсатында, Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығы (Қостанай қаласы) арнайы алғашқы оқыту курсының тағылымдамашылары өз күштерімен Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мейрамын атап өтті.

 

Оқу орталығының тағылымдамашылары ұлттық нақыштағы киім киіп қазақ халқының «Құда түсу», «Бет ашар», «Тұсау кесер» сияқты салт-дәстүрлерін жоғарғы деңгейде көрсетті.
Оқу орталығының мәжіліс залы біршама уақытқа Наурыз мейрамын тойлап жатқан ұйымшыл бір ауылға айналды, ұлттық нақыштағы әндер мен қазақ халқының билері биленіп, дәстүрлі аспаптары ойналды.
Оқу орталығының саптық алаңында Наурыз мейрамы мерекесі қарсаңында бірқатар спорттық іс-шаралар өткізілді. Атап кететін болсақ арқан тартыс, қол күрес, кір тас көтеру спорт түрлері бойынша тағылымдамашылар арасында сайыстар болды. Оқу орталығы басшылығынан және қызметкерлерінен тұратын әділқазы алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар грамоталармен мадақталды.
Мерекелік концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өтті. Осындай форматта өткізілетін іс-шаралар тағылымдамашылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімді, елі мен жеріне деген жанашырлықты  оятады.

28.03.19-2

28.03.19


Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы А. Суенбаева

Президенттің жолдауы

bannerslide-01-ru

 

 

2050-ru

 

mem ram-200x150-

 

rh