Музей өткеннің, бүгінгі мен болашақтың бейнесі!

2019 жылғы 1 наурызда арнайы алғашқы оқыту курсының тағылымдамашылары Қостанай облыстық тарихи - өлкетану және ұстаз, әрі ақын, жазушы Ұлы тұлғалардың бірі Ы. Алтынсарин атындағы мұражайларға барды
    
Бүгінгі жаңғыру, жаһандану заманында Қазақстан Республикасы өзінің өткені мен болашағы үшін, тәуелсіздік жолында қабылданған батыл да әрі үстемді шешімдері үшін көптеген күш-жігерін жұмсады және әлі де жұмсауда.

Ертенің білмеген елдің – бүгіні жоқ демекші, әр қазақ баласы өзінің туып - өскен, кіндік қаны тамған елі мен жерінің тарихын білгені жөн. Тек сонда ғана оның бойында Отанына деген патриоттық, махаббат сезімі оянады.
Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген «Мәдени мұра» бағдарламасы кең байтақ еліміздің қойнауында зерттелмеген, ұмтылыған ғажайып археологиялық жәдігерлерді табуға, халықтың бай рухани құндылықтарын іздеуге бағдар берген болатын. Міне, осындай баға жетпес асыл қазыналарды біз мұражайларда ғана тамашалай аламыз.
Музей - өткен уақытпен жүздесе отырып, бүгінгі жаңа өмірге  тарих парасатымен қарайтын орын. Бұл ғасырлардың таңбасы мен ізі қалған рухани асыл қазыналарын көріп өзінді танитын орын.
 Елбасшымыз 2019 жылды «Жастардың жылы» деп атап кеткен болатын. Осының негізінде біз Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығында (Қостанай қ.)  оқитын арнайы алғашқы оқыту курсының тағылымдамашыларымен Қостанай облыстық тарихи - өлкетану және Ыбырай Алтынсарин атындағы мұражайларға баруды дәстүрге айналдырдық.
Қостанай қаласының Оқу орталығында Қазақстанның басқа облыстарынан, атап айтқанда Атырау, Ақтөбе, Орал, Петропавл қалаларынан келген тағылымдамашыларда арнайы алғашқы оқыту курстарынан өтуде. Осы тағылымдамашыларды облысымыздың тарихымен таныстыру басты мақсаттардың бірі болатын.
Мұражайға кірген сәттен бастап, соңынан дейін тағылымдамашылар өздеріне жақсы әсер алып, ішкі жан дүниелерін байтып бір жасап қалды.
Музей дегеніміз – ол тарих, тарих ол әр адам баласының бойында тәрбиесі мен намысы. Жас полицейлер үшін – намыс сезімі, адал әрі абыройлы қызметтің кепілі.


1

2

4

5 

Әлеуметтік және жалпы құқықтық
пәндер циклының бастығы
полиция аға лейтенанты                                                          А. Дүйсенбаева

Президенттің жолдауы

bannerslide-01-ru

 

 

2050-ru

 

mem ram-200x150-

 

rh