Қуатты елдің жастары

Қостанай қаласы Оқу орталығының арнайы алғашқы оқыту курсының тағылымдамашылары «Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекегеқабілеттілігінің негізгі факторы».Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың «Жастар жылы» атты жолдауын жастарға жеткізуге облыстық Л.Толстой кітапханасына шығу ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауында 2019 жылын Жастар жылы деп жариялады.

Мерекелік іс-шараның мақсаты: жетекшілік ететін взвод тағылымдамашыларына Елбасының жолдауын жеткізу үшін 2019 жылдың   1 ақпан күні облыстық Л.Толстой кітапханасына шығу ұйымдастырылды. Жастар мемлекет қамқорлығында. Биыл ғана емес, тәуелсіздік алған жылдан бастап, Қазақстан Республикасының жастар қауымы мемлекет басшысының қамқорлығын сезініп келеді. Өткізілген шара да соның бір куәсі. Іс-шараға Ұлттық Ұлан сарбаздары, Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенттері қатысты. «Жас Отан» облыстық жастар қанаты филиалының төрағасы Әлібек Мұхамеджанов, Елбасы жолдауынан жастарға Отанымыздың патриоты болуға, сапалы білім алу үшін және қолжетімді баспанаға ие болу үшін мемлекеттік қолдаудың шараларын белсенді пайдалануға, мемлекеттің дамуы және Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуі үшін қолдан келгеннің барлығын істеуге шақырды, болашақ жастарға патриоттық тәрбие беретін тілектер айтты. І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртістері М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты қысқаша қойылымымен бастады және жақсы әндер шырқалды, күй тартылды.

Ақтөбе, Орал, Петропавл, Атырау, Павлодар облысынан келген тағылымдамашылар Л.Толстой кітапханасының ұйымдастырылып өткізген іс-шараның жоғары деңгейде өткізілгенін айтып, алғыстарын білдірді. Іс-шараның соңында қатысушылармен естелікке суретке түсті.

Арнайы пәндер циклының оқытушысы

полиция капитаны Н.Зарлыханов

Президенттің жолдауы

bannerslide-01-ru

 

 

2050-ru

 

mem ram-200x150-

 

rh