Елбасы – елдің тірегі!

Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығында ( Қостанай қ.) Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға ІІО ардагерлері, Оқу орталығының жеке құрамы және ауыспалы құрамы қатысты.

Бұл ғаламда өз елін, жерін, өзінің кіндік қаны тамған қара топырағын, тілін, дінің сүймейтін пенде жоқ шығар. Бұл сезім – Отанға деген махаббат деп аталады.

Әрбір адамның бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін патриоттық сезім деп атауға болады.

Міне, бүгінде сонау 27 жыл бұрын еліне, жеріне тәуелсіздік сыйлаған өз халқының патриот ұлдарының бірі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, болашаққа бағыт - бағдар беруде Тұңғыш Президенттіміздің халық алдындағы жасаған еңбегі ұшан-теңіз. Елбасымыздың ерең еңбегінің арқасында Қазақстан қазіргі уақытта әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылып, ынтымағы жарасқан елге айналды.

2011 жылы 10 желтоқсанда Парламент сенатының отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы заңнамсына қол қойылды. Содан бері 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні болып танылып, Қазақстан Республикасында аталып өтілетін мемлекеттік мереке болды.

Осы мереке қарсаңында 2018 жылғы 30 қараша күні Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығында (Қостанай қаласы) салтанатты іс-шара өткізілді. Салтанатты іс-шараның ашылуы Қазақстан Республикасының гимінің орындалуымен басталды.

Ең алғашқы құттықтау сөз Оқу орталығының бастығы полиция полковнигі Ардақ Берікұлы Бүкіровке берілді. А. Бүкіров салтанатты іс-шараны тамашалауға шақырылған ІІО зейтенкерлерін, әріптестерін және арнайы алғашқы оқыту курсының тағылымдамашыларын бүгінгі мерекемен құтықтап, ұлттық татулық пен қоғамымыздың бірлігін қамтамасыз еткен тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Елбасының аса зор еңбегіне деген халықтың құрметін білдіріп, еліміздің болашағы Нұрлы жолмен табыс биіктеріне өрлеп, әрбір Қазақстандықтардың дендеріне саулық, әр атқан күндеріне шаттық, отбасыларыңа амандық, бейбітшілік пен бірлікті тілеп жүрек жарды лебізін білдірді.

Сонымен қатар, құттықтау сөзі ІІО ардагері Данил Айтмұханұлы Надырбаевқа берілді. Данил Айтмуханұлы осы атаулы күні баршаңызға денсаулық, бақыт, амандық тілеп, болашақ жас полиция қызметкерлеріне Отанымыз - Қазақстан Республикасының игілігіне қызмет атқаруларына ақ жол деп батасын берді.

Салтанатты бөлімде Оқу орталығының әлеуметтік және жалпы құқықтық пәндер циклының бастығы полиция аға лейтенанты Айнұр Тулеубекқызы Дүйсенбаева «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, арнайы алғашқы оқыту курсының тағылымдамашылары оқудағы үздік жетістіктерімен ерекшеленген Ақтөбе облысының тумалары 1 – взвод тағылымдамашылары А. Мамаев, А. Тастанов және 2-взвод тағылымдамашылары А. Динесенко, Е. Досмағанбетов Оқу орталығының қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін Оқу орталығы бастығының грамоталармен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік іс – шара барысында Оқу орталығының жеке және ауыспалы құрамы Тұңғыш Президентіміздің өмір жолы туралы түсірілген бейнероликті тамашалады.

Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген салтанатты іс-шараның ресми бөлімі аяқталғаннан кейін, мерекелік концерттік бағдарлама басталды. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевқа арнап жазылған өлең шумақтары оқылып, әуелеген әсем әндер орындалып, ұттық нақыштағы би биленді.

Аталмыш мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты – Елбасымыздың өмірі мен қызметі жайлы мағлұмат беру және патриоттық сезімді ұялату, рухани жан дүниелерін жаңғырту болып табылады.

Мемлекеттік тіл және ақпарат

тобының инспекторы           А. Суенбаева

Президенттің жолдауы

bannerslide-01-ru

 

 

2050-ru

 

mem ram-200x150-

 

rh