Полиция полковнигі Бүкіров Ардақ Берікұлы

bukirov

1968 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңатілек ауылында дүниеге келген.

Орта мектепті бітірген соң 40 лет Октября атындағы совхоздың трактор бригадасында слесарь болып жұмыс істеген.
1986 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының санитарлық-гигиеналық факультетіне оқуға түсіп, 1994 жылы эпидимиолог-дәрігер мамандығы бойынша тамамдаған.

2003 жылы «Қазтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетінің құқық факультетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтады.

Ішкі істер органындағы еңбек жолын 1995 жылы Қарағанды қ. ІІБ Киров полиция бөлімі қылмыстық іздестіру бөлінісінде милиция лейтенанты болып бастады. 1999 жылы Қарағанды облысы ҚІІБ криминалдық полиция қызметі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қорқытып алушылықпен күрес бөлімінің аға жедел уәкілі, 2000 жылы Қарағанды облысы ІІД Қарағанды қаласы Ішкі істер басқармасы Киров полиция бөлімі есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесінің бастығы лауазымына тағайындалды.

2001-2005 жылдары Қарағанды облысы ІІД Қарағанды қаласы Ішкі істер басқармасы Киров полиция бөлімінің кадр және тәрбие ісі жөніндегі бөлім бастығының орынбасары болып тағайындалды.

2005-2011 жылдары Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығының (Теміртау қ.) оқытушылық қызметімен байланысты түрлі лауазымдарды атқарды, 2011 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығы (Теміртау қ.)бастығының . оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етті.

2018 жылғы мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығының (Қостанай қ.) бастығы болып тағайындалды.

А.Бүкіров ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлауға оқыту бойынша 100-ден аса әдістемелік әзірлемелердің рецензенті, «Атыс және басқа да қаруды қолданудың негізі» Теміртау қ., 2014 жылғы оқу-әдістемелік құралының авторы болып табылады, «ІІО қызметкерлерін кәсіби-психологиялық іріктеудің әдістемелік проблемалары» мақаласы жарияланған «Жеке құраммен тәрбие жұмысын жүргізуді ұйымдастыру: проблемалары, шешімі және перспективасы» Алматы қ., 2001 жылғы оқулығын, бұған қоса, «Қазақстан Республикасы ІІО қызметкерлерін алғашқы кәсіби оқыту» Теміртау қ. 2016 жылы оқыту құралын әзірлеуге қатысты, сонымен бірге «Қазіргі заман әлеміндегі өзекті ғылыми зерттеулер», «Терроризммен күрес аясында Қазақстан Республикасы ІІМ мамандандырылған күзет қызметінің жұмыс бағыты», «Террористік актілерді (жарылыс жағдайында) жасау қауіпі жағдайында Қазақстан Республикасы ІІМ мамандандырылған күзет қызметі қызметкерлерінің іс-әрекеті» ғылыми мақалалары Халықаралық ғылыми-тәжірибелік интернет-конференцияда жарияланды.

Қол жеткізген жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасы ІІМ үздік қызметі үшін» төсбелгісімен, I-II-III дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Қазақстан полициясына 20 жыл», «Қазақстан полициясына 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы ІІМ рәміздері бар қол сағатпен, Қазақстан Республикасы ІІМ мен Қарағанды облысы ІІД-нің құрмет грамоталарымен марапатталған.

Президенттің жолдауы

bannerslide-01-ru

 

 

2050-ru

 

mem ram-200x150-

 

rh