Бастықтың блогы

Құрметті сайтқа кірушілер!

Мен сіздерді өзімнің жеке блогымда көргеніме қуаныштымын.


Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-қылығымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс. Барша мемлекеттік органдардың соның ішінде полицияның қызметі халықтың қажетіне жарауы тиіс екенін Ел басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Халқына Жолдауында атап өтті.

Республикамызда, өміріміздің бар саласында орын алған жаңғыртулар мен зор еңбек нәтижесін әркімнің бағалай алары сөзсіз. Олардың ішкі істер органдарына да қатысы бар. Құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру өзекті мәселе болып қалады. Президент біздің алдымызға бірқатар міндеттер қойды, олардың шешімі Қазақстанның жаңа құқықтық жүйесінің қалыптасуына ықпал жасайтын болады.

Қоғамымыздың тұрақтылығы мен әлеуеті сіз бен бізге байланысты. Полиция қоғамның ажыратылмайтын бөлігі емес пе. Сіз бен біздің алдымызда бірге атқаратын үлкен жұмыс күтіп тұр.

Блогта Сізбен сұхбаттаса отырып, проблемалардың шешімін тауып, біздің қызметімізді жетілдіру жөніндегі Сіздің ұсыныстарыңызды талқылаймыз. Бұл бүгіндері тәртіп сақшыларына қоғам қойып отырған барлық талапқа жауап беру үшін бізге жәрдемін тигізеді.

Тұрғындардың көмегімен полицияға жүктелген міндеттерді тиімдірек атқаратынымызға сенімдімін.

Форма добавления вопроса

Президенттің жолдауы

bannerslide-01-ru

 

 

2050-ru

 

mem ram-200x150-

 

rh