Әлеуметтік және жалпы құқықтық пәндер циклы

duisenbaeva

Цикл бастығы полиция аға лейтенанты Айнур Тулеубекқызы Дуйсенбаева. Білімі жоғары, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер минстрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясын аяқтады, мамандығы «Педагогика және психология». Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында 2011 жылдан бастап, ал әлеуметтік және жалпы құқықтық пәндер циклында 2015 жылғы тамыз айынан бастап қызмет атқарады.

kadyrova

Цикл оқытушысы полиция аға лейтенанты Ардақ Серікқызы Қадырова. Білімі жоғары, 2009 жылы Қостанай мемлекеттік университеттін «Заңтану» мамандығы бойынша аяқтады. Қазақстан Республикасы ішкі істер органында 2014 жылдан бастап, ал әлеуметтік және жалпы құқықтық пәндер циклында оқытушы лауазымында 2017 жылғы сәуір айынан бастап қызмет атқарады.
       Циклдың негізгі міндеті: Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке алынған тағылымдамашыларды кәсіби даярлау болып табылады.
         Әлеуметтік және жалпы құқықтық пәндер циклының бағытындағы пәндері:
-         жалпы құқықтық даярлық;
-         психологиялық даярлық;
-         адам құқығы;
Факультативтік сабақтар:
-        ІІО қызметкерлерінің мәдени-адамгершілік және рухани дамуы.
Қосымша факультативтік сабақтар:
         - Адам құқығы;
        - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
         Оқыту: мемлекеттік және орыс тілдерінде.
         Әлеуметтік және жалпы құқықтық пәндер циклының негізгі көздеген мақсаты тағылымдамашылар жалпы құықтық даярлық, психологиялық даярлық, адам құқығы, алғашқы медициналық көмек көрсету пәндері бойынша алған теориялық білімдерін тәжірибеде шеберлі қолдану болып табылады. Тағылымдамашылар Қазақстан Республикасының заңнамалық білімдеріне сүйене отырып, оларды нақты құқықтық жағдайларда қорытындылап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шешім қабылдауға үйренеді.
Сонымен қатар, осы циклда тренингтер мен іскерлік ойындардың өткізілуіне көп көңіл бөлінеді. Тағылымдамашылардың экстремалды жағдайлардағы тиімді іс-әрекеттер бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгеруі және уақытында алғашқы медициналық көмек көрсете алуы зерделенді.
         Ішкі істер органдарының тәжірибелі қызметкерлерін оқыту процесіне жұмылдырылса, оқытылатын пән бойынша қажетті ғылыми-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілсе, мақсатқа жетуге болады. Тағылымдамашылардың шығармашылық қабілеттіліктерін және тәжірибелік дағдыларын арттыру үшін оқу процесінде аудиовизуалдық аспаптар қолданылып, конференциялар, викториналар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.     Тағылымдамашылармен Қостанай облыстық және Қостанай қалалық «Нұр Отан» ХДП филиалдарының өкілдерімен, облыстық және қалалық әр түрлі әлеуетті құрылымдармен, Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасымен, Дінтану ісі бойынша департаментімен, Қостанай облысы бойынша Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдерімен, салауатты өмір сүру орталығының қызметкерлерімен үнемі кездесулер өткізіледі. Цикл оқытушыларының бағыты тәлімді де тәрбиелі, дені сау, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау, психологиялық денсаулықты қадағалау, білімді де білікті тағылымдамашы тәрбиелеу болып табылады. Тағылымдамашыларға  педагогикалық әдіс-тәсілмен ұтымды түсіндіру, тағылымдамашылардың таным белсенділігін арттыру. Ұрпақ болашағы бүгінгі берген тәлім-тәрбиемізге байланысты.
Цикл оқытушылары жетекшілік жұмысын да атқарады. Цикл оқытушылары жыл сайын ашық сабақ өткізеді, басқа цикл оқытушыларының сабақтарына қатысып отырады. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Білім мекемесіне, Қостанай облыстық ІІД-нің оқу жиындарына, семинарларына, конференцияларына қатысады.  Әр айда цикл отырысын өткізеді, сабақтардың конспектісі бекітіледі, сабақты өткізу нысаны және әдісі өнделеді.

Президенттің жолдауы

bannerslide-01-ru

 

 

2050-ru

 

mem ram-200x150-

 

rh