Арнайы пәндер циклы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер  министрлігінің 
Оқу  орталығы (Қостанай қ.)
Арнайы  пәндер  циклы

Қостанай  облысы  ІІД Оқу  орталығы  бөлімшесінің  өзіндік құрамы  арнайы  пәндер  деп  аталады. Цикл қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына,  Қазақстан Республикасы « Ішкі істер органдары туралы», Қазақстан Республикасы «Құқық  қорғау қызметі туралы» және Қазақстан  Республикасының  басқа  да нормативті- құқықтық  актілеріне сәйкес  жүзеге  асырады.  Циклдың  құрылысы  және  штаттық  саны- цикл бастығы және екі  оқытушыны  құрайды. Циклдың  жұмысын  цикл  бастығы  басқарады.


Арнайы  пәндер  циклының  бастығы:

Полиция полковнигі Жаппасов Жасулан Уразгалиевич - 1994 жылдан бері ішкі істер органында, 2019 жылдын ақпан айынан бастап арнайы пәндер циклының бастығы лауазымын атқарып келеді. Жоғарға оқу орны Қарағанды «Казпотребсоюз» экономикалық университетінде «Заңгер» мамандығын бітірген. Мемлекеттік және орыс тілін еркін біледі. Қазіргі уақытта арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашыларына, ішкі істер органында аудандық полиция инспекторларын полиция қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау санаттарында арнайы бастапқы дайындық бойынша сабақтар жүргізеді.

Арнайы  пәндер  циклының  оқытушысы

Полиция аға лейтенанты Динара Рашидқызы Аяпбергенова ішкі істер органында 2011 жылдың 1 қыркүйегінен , арнайы пәндер циклы оқытушысының лауазымында 2019 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс атқарып келеді. Білімі жоғары заңгер 2015 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы акаедмиясын «құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылдың ақпан айынан бастап Қостанай қаласы ІІБ анықтау бөлімінің анықтаушысы қызметін бастады.

Арнайы  пәндер  циклының  оқытушысы

zarlyhanova

Арнайы пәндер циклының оқытушысы полиция капитаны Нұрболат Сахабаұлы Зарлыханов, Ішкі істер органында 2002 жылдан, қазіргі лауазымда 2016 жылдан бастап қызмет етеді. Білімі жоғары заңгер (Қазақстан-Ресей университетін 2013 жылы бітірді). ІІО қызметін  Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай училищесінен 2002 жылы мамыр айынан бастады, полицей лауазымына 2002 жылы тағайындалды ЖБ ПП ІІД Қостанай қаласынан бастады, содан кейін әр түрлі лаузымында ЖБ ПП ІІД жұмыс істеді. Мемлекеттік тілді және орыс тілін жақсы біледі.

 

Кәсіби даярлық  жол-патрульдік полициясын  даярлаудағы   негізгі  пән болып саналады және тағылымдамашылардың ІІО қызметінің  маңыздылығын білуге, қызметті  атқарудағы тәжірибені үйренуге, қоғамның  қауіпсіздігін және қоғамдық  тәртіпті  күзетуге, жол қоғалысының  қауіпіздігін  қамтамасыз ету  бойынша, сонымен  бірге заңдылықты  сақтауға және  азаматтарды  құрметтеулеріне дағдыландыруды  үйретеді.
Қазқстан  Республикасы ІІМ  Оқу  орталығында   оқытылатын,  кәсіби даярлық  негізгі  пән  болып  есептеледі.
Пәннің  белгілі  мақсаттылығы-тыңдаушыларды Ішкі істер  органындағы  әкімшілік  қызметін  жүзеге  асыруға дайындау,   қызметтік  міндеттерін  кәсіби  орындаудың  қажеттілігін,  дағдыларын  пайдалана  білуге дайындау  болып саналады.
Кәсіби даярлық пәнінің негізгі мақсаты:  тағылымдамашыларды қоғамдық  қауіпсіздікті және  қоғамдық тәртіпті күзету үшін, ішкі істер органдарының әкімшілік  қызметінің   және  қоғамдық тәртіпті күзетуді  басқарудың  маңыздылығы  туралы  терең  білімдерді  беру және  үйрету;
- тағылымдамашыларды  оқытуда    күші  бар  заңдарға  дұрыс  бағыт  беру;
-заңдылыққа  сәйкес сұрақтарды  немесе  қоғамдық тәртіпті және  қауіпсіздікті   күзетуді  қамтамасыз  ету  сұрақтарын  дұрыс  шеше  алуларына  үйрету  және   тәжірибелі  дағыландыру;
-тағылымдамашыларды ішкі істер  органдары  жүйесіндегі  аппараттармен  және  олардың қызметімен,  нысанымен және әкімшілік  қызметінің  жүзеге  асырылуының  әдісімен және  қызметтегі  заңдылықты  қамтамасыз ету  тәсілдерімен таныстыру;
әкімшілік- құқықтық    немесе  басқа құқық  бұзушылықтың  түрімен күресу тәсілін  және    қоғамдық  тәртіпті  және  қауіпсіздікті әдеттегі  және  ерекше  жағдайда  ұйымдастыру;
Кәсіби даярлық   пәнінің  жеке  сұрақтары  арнайы  еңбектерде  жарық  көрді.  Цикл тағылымдамашыларымен оқу  бағытында  инновациялық оқытудың  жаңа  нысаны  енгізіледі, оқудың  техникалық  құралдарын  қолану  мүмкіндігі  бар. 
Қызметті  атқарудың  тәсілі  бойынша  сабақтарды  жүргізуде   полиция  нарядының    құқықтарын  және  міндеттерін  оқуға көңіл  бөлінеді, қоғамдық  тәртіпті  күзетуді  қамтамасыз  етуді  реттейтін  нормативтік  актілерді,  полиция  нарядының  қызметін  атқарудың  тәжірибелік  тәсілдерін   қолданады, сонымен  бірге  жедел және  тапқырлықпен  табу  ынталылығын  дамытуға аса көңіл  бөлінеді.
Тағылымдамашылардың тәжірибелік  сабақтарда ізге түсудің  дағдысын, нақты құқық бұзушылықтың алдын алудың тәсілі, іздестіру және қылмыскерді ұстау, қаруды қолдану және  арнайы құралдар, негізгі  жағдайда психологиялық даярлығын және әр түрлі жағдайда өзінің міндетін  орындауға  үйретіледі.
Сабақтар  жол- патрульдік  қызметінің  тәжірибелік  қызметінде  кездесетін  шынайы жағдайларды  туғыза  отырып  жүргізіледі.  Ішкі істер  органдары және  қоғамдық  бірлестіктерде, құқық бұзушылықпен  күресуді  және  құқық тәртібін күзетуді  тәжірибелікке бағыттап   оқытудың  маңызды  екенін  айту  керек.  Теориямен  тәжірибені   тығыз  байланыстырып  оқыту  осы  пәнді  оқытудағы  ең  маңызды  жағдай  болып  саналады.
Оқу  курсының  материалдары  дәріс, тәжірибелік, семинарлық  сабақтарда, сонымен  бірге тағылымдамашылармен  жеке  жұмыс  жүргізу  арқылы  оқытылады.

Президенттің жолдауы

bannerslide-01-ru

 

 

2050-ru

 

mem ram-200x150-

 

rh