Оқу тобы

Аға оқытушысы-әдіскеріполиция подполковнигі Лариса Александровна Кузнецова. Білімі жоғары. А. Байтұрсынұлы  атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «инженер-программист» мамандығы бойынша 2004 жылы аяқтады. З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық унивеситетін «Құқықтану» мамандығы бойынша 2011 жылы бітірді. Ішкі істер органында 2006 жылғы тамыз айынан бастап, оқу тобының аға оқытушысы-әдіскері лауазымында 2017 жылғы наурыздан бастап қызмет атқарады.
Лауазымдық  нұсқауы бойынша аға оқытушы - әдіскері келесі жұмыстарды орындайды:
         - оқу сағаттарының кестелерін әзірлейді, сынақтар мен емтихандарды өткізеді;
         - оқу сабақтарын жүргізуге оқытушы құрамының дайындығына және циклдарда оқу-әдістемелік жұмысына, сонымен қатар олардың оқу жоспарларын, жұмыс уақытын үнемді пайдалануына, оқу бағдарламаларын орындауына, оқу сабақтарының кестесін орындауына және тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруына бақылауды жүзеге асырады;
         - оқу сабақтарының, емтихандар мен сынақтардың уақытында тыңдаушылардың білімін тексеруге, оқу үрдісіне оқытудың оң тәжірибесін енгізу бойынша, ұсыныс енгізу және тыңдаушылардың деңгейін және оқу сабақтарын өткізуге бақылаудың нәтижелерін қорытындылайды;
         - оқу үрдісіне Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасы ІІМ талаптары мен нұсқауларының өзертулерін және толықтыруларын уақытылы енгізу бойынша  ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады;
         - оқытушыларға теориялық материалды зерделеуде және оқытудың техникасын және әдістемесін игеруде оқытушыларға әдістемелік көмек көрсетеді;
         - оқу үрдісін жетілдіруге, педагогикалық шеберлікті арттыруға және оқу сабақтарын жоғары әдістемелік және теориялық деңгейде жүргізу бойынша іс – шаралар өткізеді;
         - тыңдаушылармен тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асырады, олардың үнемі жеке қасиетін зерделеуге, олардың қызметтік борышын орындауға сезімдік қасиетін қалыптастырады;
         Оқу тобынын негізгі мендеті Қазақстан Республикасы ІІО қызметіне қабылданған тындаушыларды кәсіби оқыту болып саналады.
Оқу орталығында кәсіби даярлауда оқу барысында жана инновациялық оқытудың әдісін енгізуге аса көңіл бөлінеді, тезникалық құралдарды қолданумен оқыту кеңінен қолданылады. Оқу барысында өз күшімен әзірленген оқу әдістемелік әзірлемелер белсенді қолданылады.
Қазақстан Республикасы ІІО бөліністерінің тәжірибелі қызметкерлерімен тығыз жұмыс істеу бекітілген.

Президенттің жолдауы

bannerslide-01-ru

 

 

2050-ru

 

mem ram-200x150-

 

rh